Қостанайда алаяқтар 10 зейнеткерді алдап соқты

1134

Қостанайда алаяқтар 10 зейнеткерді алдап соқты

Қостанайда жалған ақша беріп алдаған алаяқтардың құрбанына айналған 10 зейнеткер полицияға шағымданған, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА. 

Заңға қайшы бұл фактілердің барлығы бір аптаның ішінде орын алған деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Тәртіп сақшылары екі күдіктіні іздеуде. Зейнеткерлер өз ақшаларын жалған ақшаға айырбастаған.

"Алаяқтардың схемасы өте қарапайым болған", – деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Жаңа жыл қарсаңында жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған адамдар келеді. Олар қарттарға 13-15 мың теңге көлемінде атаулы көмек алуды ұсынады. Алаяқтар зейнеткерлерге 20 мың теңгелік купюра береді де, оның қалдығын зейнеткерлер кәдімгі ақшамен қайтарған. Шығын 200 мың теңгеге жуықты құрады.

Полиция екі күдіктіні іздеуде. Олардың белгілері: бірінші күдікті - 25-28 жастағы ер адам, бойы 160-170 см, азиялық, сұр түсті күзен құлақшын киген. Екінші күдікті - 30-35 жас шамасындағы еуропалық, бойы 175-180 см. Қылмыскерлер қара түсті "Лада-Гранта" көлігін мінген. Полиция зейнеткерлерге абай болуды, мұндай жағдайлар орын алса, "102" нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу