Қостанайда алимент төлеуден қашқан ер адам сот орындаушысының бетін тілген

522

Шабуылдаған ер адамның 2 баласына қарызы – 318 326 теңге.  

Қостанайда алимент төлеуден қашқан ер адам сот орындаушысының бетін тілген Фото: canva

Қостанай облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер азамат сот орындаушысына шабуыл жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ж.Хамзина есімді жеке сот орындаушысы алимент өндіріп, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келгенде борышкер сол жақ бетін тіліп жіберген.

"Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы мұндай әрекеттерді заңның өрескел бұзылуы және мемлекет берген өкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін адамның өмірі мен денсаулығына қол сұғу ретінде қарастырамыз. Суық қарумен жасалған шабуыл – бұл белгілі бір сот орындаушысына қарсы қылмыс қана емес, сонымен бірге заңға, тәртіп пен әділеттілікке қарсы тұру", – деп мәлімдеді жеке сот орындаушылар палатасы.

Олар борышкердің қатаң жауапкершілікке тартып, әділ және ашық тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Палата өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік сот орындаушылары қызметін орындау кезінде денсаулығына зиян келсе, әлеуметтік қолдау шарасы бар. Алайда, мұндай жүйе жеке сот орындаушылары үшін мүлдем қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу