Қостанайда алкоголь өнімдерін заңсыз шығарып келген цех табылды

403

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цехты анықтады, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап. 

Қостанайда алкоголь өнімдерін заңсыз шығарып келген цех табылды Фото: top-news.kz

Департаменттің хабарлауынша, жергілікті кәсіпорын құрылтайшысы 2022-2023 жылдары акциздерді төлеуден жалтару мақсатында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан.

Санкцияланған тінту барысында ЖШС өндірістік цехында "Белая лоза" және "Талас" шараптарына арналған 20 000-нан астам заттаңба тәркіленді. Онда өндіруші зауыт туралы мәліметтер болмаған. Бұдан басқа жалған есепке алу-бақылау маркалары мен ілеспе құжаттары бар жалпы саны 2838 бөтелке ("Белая лоза" және "Талас" маркалы ішімдік) табылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу