Қостанай облысындағы емханалардың көбіне 2019 жылға арналған балалар қоспасы әлі жеткізілмеген, деп хабарлайды Наша газета.
Жас нәрестелі аналар ҚР денсаулық сақтау министрлігінің № 666 бұйрығымен белгіленген нұсқауларға сәйкес балалар қоспасын тегін алуға құқылы.
Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары Екатерина Слободенюк бұл мәселенің себебін қоспаны сатып алудағы проблемалармен байланыстырады.
"Қазір балалар қоспасын бұрынғыдай бір орталықтан сатып алу жоқ, әрбір емхана оларды қажеттілікке қарай өз бетінше сатып алады. №3 емханада тендерлік конкурс өткен болатын, алайда екі жеткізуші де жарамсыз деп танылды. Сондықтан, конкурс қайтадан өткізіледі. Жеткізуші тараппен мәселе Лисаков ауруханасында да болып жатыр. Біздің барлық медициналық мекемелер қоспаларды сатып алу бойынша жұмыс істеп жатқанымен, бұған толық мүмкіндік бермейтін жағдайлар әлі де бар. Әрине, қоспалар жыл басында-ақ емханаларға жеткізілуге тиіс еді. Бірақ ол мекемелер керекті қаражатқа қаңтар айында қол жеткізгеннен кейін ғана тендер өткізуді бастады", – деді Екатерина Слободенюк .
Слободенюк медициналық мекемелер қоспалармен наурыз айының ортасында толық қамтылады деп жорамалдап отыр. Ол сондай-ақ, балалар тағамы қатаң тәртіппен ананың белгілі бір ауруы болғанда ғана тегін берілетінін еске салды.