Қостанайда аудан әкімінің орынбасары сотталды

898

Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.  

Қостанайда аудан әкімінің орынбасары сотталды

Сот аудан әкімінің орынбасары С.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша үкім шығарды.

"С. жер комиссиясының төрағасы бола тұра, 2020 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында түрлі сылтаумен "Қостанай ауданы" Сафронов" пайдалы қазба орнынан топырақ өндіру ісімен айналысатын "Ремдортехник" ЖШС директоры С.-ға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын қолдануға келісім бермеген", - деп түсіндірді облыстық сотта.

Нәтижесінде С. ҚР Жер кодексі талаптарына қайшы өз өкілеттігін асыра пайдаланып, "Ремдортехник" ЖШС директоры С.-ның жер учаскесін алу шарты ретінде Заречное ауылындағы көше бөлігін газдандыруға келісімін алған.

"Сонымен қатар "Ремдортехник" ЖШС директоры С. 10 820 000 теңге сомасында қаражат берген мердігер фирманы белгілеген. Бұл ретте "Ремдортехник" ЖШС-ның заңды құқықтары мен мүддесі бұзылып, ірі көлемде елеулі зиян келтірілді", - деп атап өтті сотта.

Облыстық сот мәлім еткендей, ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы жазаның баламасыз түрін қарастырады: бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру.

"Сот күдіктіні кінәлі деп танып, оған 5 жыл 6 ай көлемінде орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеуді белгіледі. Қылмыскер енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды", - деп қорытындылады Қостанай облыстық сотында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу