Қостанайда ауызсу бағасы қымбаттайды

1094

Қостанайда ауызсу бағасы қымбаттайды

1 сәуірден бастап Қостанай қаласының тұрғындары жаңа баға бойынша есеп айырысатын болады. Облыс орталығын сумен қамтып отырған "Қостанай су" коммуналдық мекемесі бұл жағдайды электр энергиясының қымбаттауымен байланыстырып отыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Енді судың бір текшесі жеке тұрғындар үшін 11 пайызға өспек. Ал заңды тұлғалар 26 пайыз қымбат төлейді.

Айта кету керек, облыс орталығы тіршілік нәрінің 70 пайызын жер асты көздерінен алады. Ал ауызсудың сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіле бермек.

"Бұған дейін қала тұрғындары судың әр кубына 76 теңге 90 тиын төлейтін. Енді ол 85 теңге 39 тиынға көтерілді. Ал кәріз суы 64,60 тиыннан 71 теңге 80 тиынға өсіп отыр. Бұл бағаны құзырлы орындар қарап, тексеріп, ресми түрде бекітті", - дейді "Қостанайсу" РКМ баспасөз хатшысы Майя Ақбасова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу