Қостанайда бағаны асыра сілтегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

1009

Қостанайда 6 ірі супермаркет азық-түлік тауарларын қымбат бағаға сатқан, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қостанайда бағаны асыра сілтегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сауда үстемісін 15 пайыздан асырып жіберген. Құс етін жеткізушілер де тауардың көтерме бағасын өз еркіне қарай қойыпты.

Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Жергілікті билік енді тауық етіне шекті баға енгізбек. Келісі 890 теңгеден аспауы шарт.

Сондай-ақ сәбіз, картоп, пияздың да сату ақысы  шектеулі болмақ. Өнім өндірушілер мен дүкендер арасындағы делдалдар нарықтан ығыстырылады.

Тобыл өңірі халқы астықтың ортасында отырып, нанды қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр. Олардың бұл шағымына шенділер енді ғана құлақ асыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу