Қостанайда балабақша тәрбиешісіне үкім шықты

878

Ол 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді. 

Қостанайда балабақша тәрбиешісіне үкім шықты Фото: orda.kz

Қостанайда № 61 балабақшада жарақат алған баланың ісіне қатысты тәрбиешіге үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Тәрбиеші өз міндеттерін орындамағаны және баланың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

"Оған пробациялық бақылау орнатумен 1 жылға бас бостандығын шектеу, сонымен қатар педагогикалық салада 1 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын",  - деді судья Нұрлан Бекішев.

Балабақша тәрбиешісі өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, былтыр Қостанай балабақшаларының бірінде бала орындықтан құлап, бұғанасын сындырып алады. Бейнебақылау камераларына тәрбиешінің баланы жұлқи тартқан сәті түсіп қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу