Қостанайда балық шаруашылығына бөлінген 66 млн теңге субсидия заңсыз деп танылды

138

Тексеру барысында берілген субсидияның заңсыз берілгені анықталды.    

Қостанайда балық шаруашылығына бөлінген 66 млн теңге субсидия заңсыз деп танылды Фото: Үкімет

Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өңірде субсидиялаудың заңдылығын сақтау мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде балық шаруашылықтарына 66 млн теңге көлемінде негізсіз субсидия берілгенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, қадағалау актісі негізінде облыс әкімдігіне аталған қаражатты өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беру міндеттелген.

2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облыстық соты сот алқасы талап-арыздарды қанағаттандырып, негізсіз төленген субсидияларды қайтару туралы шешім шығарды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу