Қостанайда барлық мектепке мамандандырылған күзет қойылады

596

Ал Қостанайдағы мектептердің барлығы "қауіпсіз" деуге келмейді.

Қостанайда барлық мектепке мамандандырылған күзет қойылады

Шенеуніктер "Қаладағы 35 мектепке мамандандырылған күзет қойылады" деп есеп бергенімен, оның 6-уы қашан қатаң бақылауда болатынын дөп басып айта алмайды. Себебі, тиісті мемлекеттік сатып алу шарасы әлі жүріп жатыр. Ал кәсіби мамандар 29 білім ордасындағы оқушылардың қауіпсіздігін бақылауға ақпан айынан бастап кіріскен. Күзетшілер арнайы металл іздейтін және резеңке сойылмен қаруланған. Бұл құралдарын олар қауіпті жағдай болған кезде ғана қолданады. Сондай-ақ білім ошақтары сандық жүйедегі бейнебақылау камералары, дабыл түймелерімен жабдықталған. 

"Білім ордасының ұжымына осындай маман берілгені өте орынды, құптарлық шара. Білім ордаларында қаншама бала шоғырланған. Олардың амандығы үшін үнемі алаңдап жүреміз. Мысалы, біздің мектепте 1415 оқушы, 138 қызметкер бар. Кәсіби маман қанша дегенмен арнайы даярлықтан өткен. Қауіп төнгенде абдырап қалмай, бірден шара қоладана алады деп сенеміз", дейді №2 мектеп-лицейі директорының орынбасары Елена Калинина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу