Қостанайда белгісіз біреу мектеп оқушыларын атамын деп қорқытқан

300

Жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қостанайда белгісіз біреу мектеп оқушыларын атамын деп қорқытқан Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысының полиция департаменті желіде балаларды атуға қатысты тараған жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Желіде тараған ақпаратта белгісіз біреу №3 гимназия "жасаған күнәсіне жауап беретінін" және 15 ақпанда оқушыларды ататынын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

"Жалған жазбаның авторын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, кеше Қарағандыда дәл осындай жалған хабарлама таратқан кәмелетке толмаған бала ұсталған еді.

Полицейлер арандатушылыққа бой алдырмауды, хабарламаның таралуына жол бермеуді және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды. Сондай-ақ департамент жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу