Қостанайда бірқатар мекеме жылусыз қалды

903

Қостанайда бірқатар мекеме жылусыз қалды

Бүгін коммуналдық апат салдарынан Қостанайда үйлер, әлеуметтік тұрмыс мекемелері жылусыз қалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылу магистралі жарылған кезде тұтынушыларға жылудың уақытша тоқтатылатыны ескертілді. Мамандар апат орнында жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 44 көп қабатты үй, №33 гимназиялық мектеп-балабақша, №115 орта мектеп жылусыз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу