Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай уақытша жылудан ажыратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны хабарламасына сілтеме жасап.
Компания Герасимов көшесіндегі № 4 тұрғын үй маңындағы жерасты жылу желісіндегі ақауды жоюға байланысты 20 желтоқсанда түстен бастап 20:00-ге дейін Қостанай халықаралық әуежайының ғимараттарын, № 29 орта мектепті, 42 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтау уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
"Қиындық туындағаны үшін кешірім сұраймыз, жұмысты тезірек аяқтауға бар күшімізді саламыз", - деді Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны қала тұрғындарына.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу