Қостанайда биыл майлы дақылдар алқабы 46 мың гектарға ұлғаяды

1661

Рапс, күнбағыс, зығырдың көлемі артпақ.

Қостанайда биыл майлы дақылдар алқабы 46 мың гектарға ұлғаяды

Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қарқын алды. Биыл өңір диқандары 5,3 миллион гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр. Соның 4 миллион 700 мыңы бидайдың үлесінде, деп хабарлайды 24.kz.

Шаруалар майлы дақылдар, көкөніс, мал азығы алқабын ұлғайтуға баса мән береді. Мысалы, рапс, күнбағыс, зығырдың көлемі былтырмен салыстырғанда 46 мың гектарға артады.

Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге арзандатылған 71 мың тонна дизельді отын қарастырылған. Ал субсидия ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 36 миллиард теңге бөлінді.

"Шаруалар тұқыммен толық көлемде қамтылды. Бұл тұрғыда еш мәселе жоқ. Қазіргі таңда облысқа 18,5 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді. Ал техника паркі 95 пайызға дайын", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ілияс Ағайдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу