Қостанайда бомба туралы хабарлаған 9 жасар баланың әкесі жауапкершілікке тартылды

272

Ата-ана 40 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. 

Қостанайда бомба туралы хабарлаған 9 жасар баланың әкесі жауапкершілікке тартылды Фото: freepik

6 маусым күні кәмелет жасқа толмаған жасөспірім төтенше жағдай департаментіне гимназия мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар берген. Ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

9 жастағы жасөспірім 112-ге хабарласып, Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясында бомба барын айтқан. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған баланың әрекетіне байланысты қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған баланың әрекеті үшін әкесі жауапкершілікке тартылды. 

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша жасөспірімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

8 маусым күні қылмыстық іс жүргізу құқығының 35-бабы 2-бөлігіне сәйкес іс тоқтатылды. 

“Азамат өз кінәсін толық мойындады. Сот оған 36 920 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу