Қостанайда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды

787

Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары  23 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Қостанайда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды

Қарақшылық оқиға шілденің  24-не қараған түнінде орын алған. Қостанай қаласындағы букмекерлік кеңселердің бірінен дабыл берілгені туралы 102 пультіне хабарлама келіп түседі, деп хабарлайды alau.kz.
Полицейлер пышақпен қаруланған белгісіз біреудің кассирден ақшаны тартып алып кетпекші боп жатқанын анықтаған.
Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары  23 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Ер адам Рудный қалалық уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК 192 бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, полицейлер  тағы бір қарақшылық шабуылды әшкерелеген. Бұл оқиғада демалыс базасында үй тоналған болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу