Қостанайда бұрын сотталған азаматтың үйінен 3 мылтық, 200 оқ-дәрі табылды

196

Қостанай облысының прокуратурасы қару сақтау фактісі бойынша қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі айыптау актісін бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанайда бұрын сотталған азаматтың үйінен 3 мылтық, 200 оқ-дәрі табылды Фото: Jose A. Bernat Bacete / Getty Images

Тінту кезінде оның пәтерінен 3 аңшылық атыс қаруы тәркіленді, оның біреуі келте мылтыққа айналдырылған және 200 данадан астам патрон, оның ішінде "Парабеллум" тапаншасы мен "Калашникова - АК-74" автоматынан атуға арналған патрондар бар.

– Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі, яғни атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, – деп жазды бақылаушы органнан.

Айта кетерлігі, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру шараларына қылмыстық жауаптылық көзделген. Жазаның максималды мерзімі – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу