Қостанайда бұталардың арасынан табылған нәрестенің анасы табылды

570

Қостанайда бұталардың арасынан табылған нәрестенің анасы табылды

Бұталардың арасынан табылған нәрестенің анасы кім екені анықталды, деп хабарлайды kstnews.kz.

ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, тастанды нәрестенің табылу фактісі негізінде, Рудный полициясы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің "Қауiптi жағдайда қалдыру" 119-бап 1 тармағы  бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір нәресте ауруханада, анасының баланы қасақана тастап кеткен-кетпегені тексерілуде.

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған шұғыл тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу