Қостанайда бұзақы шіркеуден 1,2 млн теңгенің мүлкін ұрлаған

394

Оның екі қола крест, потирд, дискост және діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды.

Қостанайда бұзақы шіркеуден 1,2 млн теңгенің мүлкін ұрлаған Фото: polisia.kz

Қостанайлық полиция қызметкерлері шіркеу заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтар айында күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

"Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды", – деді Қостанай қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу