Қостанайда демеушілердің көмегімен тағы бір зертхана ашылмақ

826

Зертхананың құны 29 млн теңге. 

Қостанайда демеушілердің көмегімен тағы бір зертхана ашылмақ

"Қостанайда COVID-19 вирусына тексеретін 5 зертхана бар. Төртеуі Ұлттық сараптама орталығы базасында, біреуін Еуразиялық топтың демеушілік көмегінің арқасында алдық. Зертхананың құны 29 млн теңге. Сондай-ақ, осы зертханаға арналған арнайы реагенттер сатып алдық. Төрт зертхана адамның коронавируспен ауырған, ауырмағанан орташа алғанда 3-5 сағатта анықтайды. Ал жаңа автоматтандырылған зертхана 15-40 минутта нәтижесін көрсетеді. Қазір реагенттердің келуін күтіп отырмыз. Зертхана іске қосылған кезде сынақ нәтижесін автоматтандырылған түрде, жылдам алып отырамыз. Тағы да зертханалар сатып алу үшін жеке компаниялармен келісіп жатырмыз", – деді облыс әкімі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу