Қостанайда дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр

899

2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан додаға еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық спортшы қатысуда.  

Қостанайда дзюдодан ел чемпионаты өтіп  жатыр

Бүгін Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстанчемпионаты басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарыстың алғашқы күнінде жасөспірім қыздар 40,44, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде белдессе, жасөспірім ұлдар 50 және 55 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады.

Аталған біріншілік нәтижесі бойынша 2020 жылы ел намысын халықаралық додаларда қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.  

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының бірінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз:

 Қыздар:

40 келі

1. Сaрa Шұғaевa (Жaмбыл облысы)

2. Нұрaйлым Сaрсенбек (Қaрaғaнды облысы)

3. Aльмирa Aккин (Ақтөбе облысы)

3.Ғазиза Нұрмұхaмедқызы (Aлмaты облысы)

44 келі

1.Жансая Ерқуанышова (Қостанай облысы)

2. Самал Маликқызы (Қызылорда облысы)

3. Айшабибі Мурадимова (БҚО)

3. Дина Мұханбет (Қызылорда облысы)

48 келі

1.Диана Буркеева (Алматы облысы)

2. Әсемгүл Балтабай (Шымкент қаласы)

3. Дана Абдирова (Атырау облысы)

3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

Ұлдар:

50 келі

1. Талғат Орынбасар (Шымкент)

2. Темірлан Меңдіғалиев (БҚО)

3.Жансұлтан Шапағатов (Атырау облысы)

3. Санжар Али (Ақтөбе облысы)

55 келі

1. Шыңғыс Тілепберген (Жамбыл облысы)

2. Серікхан Оразаев (ШҚО)

3. Олжас Құмар (Атырау облысы)

3. Нұрсұлтан Жұматқан (Маңғыстау облысы)   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу