Қостанайда екі адам өрт ішінде қалып қойды

769

Қостанайда екі адам өрт ішінде қалып қойды

Қостанай облысындағы ауылдардың біріндегі тұрғын үй өрті кезінде екі зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше қайғылы оқиға кеше Станционное ауылындағы үйлердің бірінде болған.

"Сағат 04.36-да жеке тұрғын үй өртенді. Үйдің кіреберісі мен дәлізі, ванна бөлмесі жанып кетті. Өрт төбе жабындысының кей жерлерін шарпыды. Өрт ауқымы 30 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар келмей тұрып, жанып жатқан үйден екі адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Алдын ала анықталғандай, өрт кезінде 80 жастағы үй иесі мен оның 78 жастағы жұбайы көз жұмған. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу