Қостанайда екі көп қабатты үй қоршауға алынды

815

Карантиндік іс-шараларды бақылау үшін 72 полицей екі ауысымда жұмыс істейді.  

Қостанайда екі көп қабатты үй қоршауға алынды

Қостанай қаласында көп қабатты үй карантинге жабылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"2020 жылдың 22 сәуірі сағат 20:00-ден бастап Қостанайдағы екі көп қабатты тұрғын үй 14 күнге карантинге жабылды. Бұған үй тұрғындарының бірінде COVID-19 оң нәтижелердің анықталуы себеп болды. Кіреберіс есіктерде турникет жүйесі орнатылған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезекшілігі қарастырылды. Тұрғындарға азық-түлік жеткізу қызметтерін пайдалануға, сондай-ақ туыстары тарапынан қажетті заттарды алуға рұқсат етіледі. Есік алдында қоқыс контейнерлері орнатылған", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Нариманов көшесіндегі 71-үйде 71 пәтер, Л.Беда көшесіндегі 44-үйдегі 45 пәтер карантинге жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу