Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды

186

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды.  

Қостанайда екі шетелдік дроппер ұсталды Фото: polisia.kz

Шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы "кураторлар" жіберген банк карталарына аударған.

Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастады.

Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі.

Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу