Қостанайда электр энергиясын өндіру 10 есеге артады

Қостанайлықтар өңірде өндірілетін электр энергиясынан 4 есе көп электр энергия тұтынып отыр. 

Қостанайда электр энергиясын өндіру 10 есеге артады Фото: gov.kz

Бұған облыстағы 2 жел электр станциясының күші жетпейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сол себепті, аймақта электр энергетикасы жүйесін қайта құру мақсатында жаңартылатын энергия көздерін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов брифингте айтты.

– Ағымдағы жылдың қазан айында Рудный қаласында жалпы қуаты 1 ГВт болатын 165 жел электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылды. Аталған жобаларды іске асырудың арқасында электр энергиясын өндіру 10 есеге (0,12 ГВт-тан 1,27 ГВт-қа дейін) өседі және облыстың толық көлемде қажеттілігін жабады, – деді ол.

Әкімнің сөзінше, 2025 жылы Бейімбет Майлин ауданында жалпы құны 35,6 млрд теңгені құрайтын күн (22,6 МВт) және газ поршеньді (40 МВт) электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Арқалық қаласы мен Қостанай ауданында қуаты 50 МВ болатын екі жел электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу