Қостанайда емханаға тіркелген адамдар саны тұрғындардан 30 мыңға артық

467

Қалалық емханалардың қызметін ресми түрде 293 мың адам пайдаланады. 

Қостанайда емханаға тіркелген адамдар саны тұрғындардан 30 мыңға артық Фото: google.com

Бұл – тегін медициналық көмек алуға құқығы бар тіркелген тұрғындар саны, деп жазады inbusiness.kz kstnews.kz порталына сілтеме жасап. 

Статистикаға сүйенсек, Қостанайда 264 мыңнан астам адам тұрады. Айырмашылық сезіліп тұр. Қала билігі оның себебін анықтаумен әлек.

Деректердегі алшақтықтың бірнеше себебі болуы мүмкін. Порталдың жазуынша, олардың бірі – қаладан көшіп кеткен, бірақ емханалардың базасында тіркеуде тұрған адамдар. Бұдан басқа ауыл тұрғындары сапалы медицинаға қол жеткізу мақсатында қалалық емханаларға тіркелуі де мүмкін.

Бүгінгі Қостанай әкімдігіндегі аппараттық кеңесте бұл мәселе зерттеуді қажет ететіні туралы айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу