Полиция органдарына жоғалған азаматтың туыстары хабарлады. Өз кезегінде полиция қызметкерлері құтқару қызметіне жүгінді.
Бір күн бұрын Аралкөл кентінің маңында қар мен жаңбыр жауды. Сондықтан батпақта тұрып қалған көлікті қарапайым техникамен сүйреп шығаруға мүмкін болмады.
Содан кейін Жітіқара қаласының жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің құтқарушылар тобы іздеу жұмыстарының ауданына жол тартты. ЯМАЛ Н4 жоғары өтімді техникасымен олар жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге кірісті. Бірнеше сағаттан кейін ол Аралкөл кентінен 30 шақырым қашықтықта табылып, тұрғылықты жеріне жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу