Қостанайдағы сауда үйлердің бірінің көлік тұрағында қаланың 27 және 29 жастағы екі тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдіктілер есірткіні сату үшін сақтаған. Есірткінің өзі синтетикалық есірткі заты болып шықты. Оның салмағы – 496,6 грамм. Бұл аса ірі мөлшер есіртіге жатады. Күдіктілер оны одан әрі тарату мақсатында сақтаған. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Биыл қостанайлық полицейлер заңсыз айналымнан 178 кг 470 гр түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның ішінде 555 гр-нан астам героин, 18 кг 399 гр гашиш пен 1 кг 687 гр-нан астам синтетикалық есірткі бар.