Қостанайда ескі үйлер жөндеуден өтеді

127

Қазіргі таңда Қостанайда 1 291 көппәтерлі тұрғын үй бар. 

Қостанайда ескі үйлер жөндеуден өтеді Фото: YouTube

Оның басым бөлігі жөндеуді қажет етіп отыр деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы үш-төрт жылда барлығы 112 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілген. 63-і  күрделі жөндеуден өтсе,  49 нысан қазіргі уақытта жөнделіп жатыр.  Құрылыс жұмыстарына  бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінген.

Биыл Қостанай қаласында 56 көппәтерлі көпқабатты үйге ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған барлығы  2,3 млрд. теңге жұмсалған.

"2025 жылға болжамды сомасы 2 миллиард теңгені құрайтын 38 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 35-іне ағымдық, ал 3-еуіне күрделі жөндеу жүргізіледі", – деп мәлімдеді қостанайлық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшылығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу