Қостанайда интернет-алаяқтар зейнеткерді баспанасыз қалдырды

720

Алаяқтар 76 жастағы зейнеткерді жалпы сомасы 23 миллион теңгеге алдап кеткен. 

Қостанайда интернет-алаяқтар зейнеткерді баспанасыз қалдырды

ИА Город басылымының жазуынша, зейнеткерге белгісіз біреулер телефон соғып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. 

Бейтаныс жігіт зейнеткердің есепшотындағы ақшаға алаяқтар ипотека рәсімдемекші екенін хабарлаған. 

"Олар менің атымда ипотека бар, жоғын сұрады, бірақ мен бұл туралы бірінші рет естуім. Менің жеке үйім болған кезде маған ипотека неге керек? Бейтаныс жігіт маған банкке баруымды айтты. Сөзіне сеніп, солай істедім. Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған ер адам маған Артур есімді адам хабарласатынын айтты. Қаржы полициясында жұмыс істейтінін айтқан бейтаныс жігіт депозитке жинаған қаржымды алаяқтардан сақтау керектігін түсіндірді", – дейді зардап шеккен әйел.

Ол ұйымдасқан алаяқтардың айтқанын рет ретімен орындап, өз шотынан 10 000 000 теңге көлеміндегі қаражатты шешуі керек болған. Бірақ оның қолына 6 млн теңге ғана берген. 

"Ақшаны қолына алған соң, алаяқтар оған банк бөлімшесіне тағы барып, қалған ақшаны терминал арқылы аударуын айтқан", – деп хабарлады криминалдық полиция. 

Ал 10 миллион теңгені оңай қолды еткен алған алаяқтар мұнымен тоқтап қалмай, жаңа схема ойлап тапқан. Олар зейнеткердің үйін алаяқтар сатуға қойғанын хабарлаған. 

Баспанасыз қалмас үшін тезірек үйін сатуы қажеттігін айтып, 85 шаршы метр болатын үйді 13 миллион теңгеге сатқызған.

Сондай-ақ зейнеткер саудадан түскен қомақты қаржыны алаяқтардың шотына аударған. Зейнеткер өзінің алданғанын білген соң полицияға хабар берген. 

Айта кету керек, Қостанай облысында бүгінгі күні интернет-алаяқтық бойынша 574 факті тіркелген. Полицейлер тұрғындарды тағы да сақ болуға шақырып отыр.

Полиция қызметкерлері бейтаныс адамдардың телефондарына жауап берудің немесе бейтаныс адамдарға ақша аударудың қажеті жоқтығын ескертеді. 

Ая Өміртай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу