Қостанайда ірі кәсіпорындарды байланыстыратын темір жол учаскесі пайдалануға берілді

909

Қостанайда ірі кәсіпорындарды байланыстыратын темір жол учаскесі пайдалануға берілді

Қостанайда  қаладағы ірі өнеркәсіп ошақтарын бір-бірімен жалғайтын темір жол пайдалануға берілді, деп хабарлады "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрылысқа тапсырыс беруші облыс әкімдігі болса, құрылыс-монтаж жұмыстарын "ЭнергоТехноСервис" ЖШС мердігерлік ұйымы орындады.

Нысанның жалпы сметалық құны - 645 млн теңге.

Жолдың құрылысы биылғы жылдың шілдесіне басталған.

Темір жол Қостанайдың "Қостанай-МБИ" үй-құрылыс комбинаты, "АгромашХолдинг", "СарыарқаАвтоПром", "ЕвразКаспианСталь" секілді кәсіпорындарды байланыстырады.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, темір жол кәсіпорындардың жүк қабылдау және жөнелту мәселесін толықтай шешеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу