Қостанайда КамАЗ жүргізушісі зейнеткерді қағып, мерт қылды

115

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Қостанайда КамАЗ жүргізушісі зейнеткерді қағып, мерт қылды Фото: Пикабу

27 қазан күні Қостанайдағы Садовая көшесінде №81 үйдің маңында КамАЗ жүргізушісі зейнеткер әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Белгілі болғандай, КамАЗ жүргізушісі қауіпсіздікке көз жеткізбей, кері бағытта қозғалған кезде 67 жастағы әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу