Қостанайда кәмелетке толмаған қызға тиіскен тұрғын қамауға алынды

464

Тұрғын 10 күн мерзімге қамауға алынды.

Қостанайда кәмелетке толмаған қызға тиіскен тұрғын қамауға алынды Фото: Polisia.kz

Қостанай облысының тұрғыны қоғамдық көліктердің бірінде бірінде кәмелетке толмаған қызға тиіскені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"2023 жылдың 19 мамырында азамат Я. №18 бағыттағы автобуста келе жатып, кәмелетке толмаған 2008 жылы туған Л.-ға тиісіп, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен Я. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 күндік мерзімге қамаққа алынды", деп мәлімдеді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу