Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

220

Балықшылардың жағдайы қандай?

Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды Фото: КЧС МВД РК

Қостанай облысы Қарасу ауылының маңында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қойбағар көлінің жанында, екі адам жеңіл көлікпен қарлы боранда қалған.

"Көмек туралы сигнал алғаннан кейін құтқарушылардың кезекші ауысымы оқиға орнына жедел көтерілді. Арнайы техниканы қолдана отырып, құтқарушылар көлікті қар құрсауынан эвакуациялап, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады", – дейді ведомство.

Қостанай облысы құтқарушылары тұрғындарға қыс мезгілінде қаладан тыс жерлерге шығу кезінде аса сақ болу қажеттігін еске салады. Ауа-райы болжамын алдын ала білу, жылы киім, жанармай қоры және байланыс үшін зарядталған телефон болуы маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу