Қостанайда қарияларды алдап келген жалған полицей ұсталды

474

Қостанайда қарияларды алдап келген жалған полицей ұсталды

Қостанайлық тәртіп сақшылар алаяқтықпен айналысқан жалған полицейді құрықтады, деп хабарлайды "Хабар24".

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Затобол және Майкөл ауылы тұрғындарынан алаяқтық туралы шағым түскен. Жедел іздестіру кезінде 27 жастағы жігіттің өзін полиция өкілі ретінде таныстырғаны белгілі болды. Күдікті көлігі бар зейнеткерлерді аңдып жүрген. "Жол ережесін бұздыңыз" деп, сол үшін айыппұлға тартып олардан ақша талап еткен. Алданған қариялар 300 мың теңге көлемінде шығын шеккен. Облыстық ПД қызметкерлері тергеу жүргізуде. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де алаяқтық істерге қатысы бары тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу