Бұл ақпаратты "Қостанай-Су" мекемесі растады деп жазады inbusiness.kz Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгін таңертең сағат 06:45-те "Қостанай-Су"мекемесіне өтінім келіп түсті. Сағат 07:20-да қызметкерлеріміз жер астындағы коллектордың ақауын анықтады. Салдарынан көшенің кәріз жүйесіндегі су жол бойына төгілді. Қазіргі уақытта "Қостанай Су" мамандары кәріз желісінің апат болған учаскесін жауып тастады. Дәл қазір су төгіліп жатқан жоқ. Кәріздің төгілуі тоқтады. Суды сору жұмыстары жалғасып жатыр",-делінген "Қостанай-Су" МКК таратқан хабарламасында.
Ал жергілікті әкімдіктің сөзінше, бұл апат қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге кері әсер етпейді.