Қостанай ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында "Қазақ тұлпары" ЖШС қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактілері анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында облыстық Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің департаментіне талап жолдады.
Тексеру нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері расталып, департамент жұмыс берушіге 39 қызметкер алдындағы 21,7 млн теңге мөлшеріндегі жалақы қарызын өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама енгізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу