Қостанайда кәсіпорын басшысы жұмысшының қазасы үшін сотталады

634

Қостанайда кәсіпорын басшысы жұмысшының қазасы үшін сотталады

Қостанайдағы №2 сотына қауіпсіздік техникасын бұзды деп айыпталған ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Газ құбыры үшін траншея қазу кезінде жер опырылған. Сол кезде траншеяның төңірегінде ЖШС-ның жұмысшысы - слесарь-монтаждаушы болған. 21 жастағы жігіт топырақтың астында қалып қойған. Ол оқиға орнында қаза тапты. Айыпталушы құрылыс нысанындағы жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмаған, арнайы нормалар мен еңбекті қорғау ережелерін бұзған", - деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

Басты сот ісі 26 шілдеге тағайындалған.

Еске салайық, Қостанайда солтүстік-батыс ауданында "Юбилейный" тұрғын үй кешінінің төңірегінен траншеядан (газ құбырын салу үшін) ер адамның денесі табылған. 21 жастағы жігіт газ құбырын тарту бойынша жергілікті ЖШС-да жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу