Қостанайда қатты суықтың салдарынан кейбір автобустар жолға шыға алмай қалды

264

Бұл жағдай дизель отынының қатуына байланысты туындаған. 

Қостанайда қатты суықтың салдарынан кейбір автобустар жолға шыға алмай қалды Фото: inbusiness.kz

Қостанай тұрғындарына ауа температурасының төмендігі мен қысқы дизель отынының қатып қалуына байланысты кейбір автобустардың маршруттарға шықпағаны туралы ескертілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Осыған байланысты, 12 желтоқсанда қоғамдық көлік қозғалысы да шектеледі – автобустардың соңғы аялдамалардан шығуы сағат 21:00-де жүзеге асырылады", - делінген халыққа үндеуінде.

Алайда, ауа-райының қолайсыздығын ескере отырып, Қостанай қаласының әкімдігі мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпкерлік субъектілеріне және басқа да ұйымдарға жұмыс уақытын қысқарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

"Құрметті азаматтар, қауіпсіздік мақсатында мүмкіндігінше көшеде жүруді шектеп, қажетсіз сапарлардан аулақ болуларыңызды сұраймыз. Қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері әдеттегідей жұмыс істейтін болады: полиция – 102, өрт сөндірушілер – 101, жедел медициналық көмек – 103 және коммуналдық кәсіпорындар – 109 (Айкөмек)", - деп атап өтті әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу