Қостанайда қатты жел 37 үйдің шатырын жұлып кетті

645

Қостанайда қатты жел 37 үйдің шатырын жұлып кетті

Кеше Қостанай облысында қатты жел тұрып, 37 жеке тұрғын үйдің шатырын ұшырған. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

8 маусым 17.40-та ТЖД-нің кезекші қызметіне қатты желдің салдарынан үйлердің шатыры жұлынып, 1 адам зардап шеккені туралы хабар жеткен. ТЖ өкілдері оқиға орын алған аймақтарды аралап, желден болған шығындардың есебін жүргізді. Зардап шекккен әйелге медициналық көмек көрсетілді.
Үйлердің шатырын қайта қалпына келтіруге 25 техника мен 85 адам жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу