"Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры Б.Усабековке қатысты шешімді №2 қалалық сот шығарды деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар "Вадиса М" ЖШС директоры С.Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды және берді деп айыпталды.
Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұл 24 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.