Қостанайда 1 наурыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттады, деп хабарлады сәрсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне әкімдіктің баспасөз қызметі.
Автобустар мен шағын автобустарда жолақы құны бұрынғы 60 теңгенің орнына 80 теңге болды.
7 жастан 15 жас аралығындағы балалар бір реттік жол жүру үшін бұрынғы 30 теңгенің орнына 40 теңге, ал зейнеткерлер 50 теңгенің орнына 70 теңге төлейді.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 7 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және 1 және 2 топтағы зағип жандарға тегін жол жүру жеңілдігі сол күйі сақталған.
Айта кетейік, бүгінде Қостанайда 220 мыңнан астам тұрғын бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу