Қостанайда қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттайды

761

Қостанайда қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттайды

Қостанайдың тасымалдаушылары 2017 жылдың қарашасында жолақыны көтеру жөнінде әкімдікке хат жолдаған. Себеп – ЖЖМ мен қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттауы, деп хабарлайды alau.kz. 

"Қала ішінде қоғамдық көлікте жол жүру тарифі ақпаннан бастап 100 теңге болады. Қала маңына қатынайтын бағдарларда 100 теңгеден жоғары болмақ. Бұл туралы қаулының жобасы қала әкімдігінің сайтында жарияланып отыр.  Сонымен қатар  Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасымен және Қостанайдың қоғамдық кеңесімен арада қаулыға келісім жасау шарасы жүргізілуде", – деп мәлім етті қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алексей Тарасов. Қостанайда осыған дейін жолақы тарифі 2017  жылдың наурызында көтерілген болатын. Ол кезде жол жүру құны бұл жолғыдай 20 теңгеге – 60 теңгеден  80 теңгеге өскен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу