15 ақпан күні сағат 10:10-да Қайырбекова көшесі, 385-үйдегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пәтерлердің бірінде басталған, онда шамамен 20 шаршы метр аумақтағы жиһаздар өртенген.
Ақпарат түскен соң бірден Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, тұрғындарды ғимараттан эвакуациялауға кірісті.
Барлығы 15 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала, 23 адам эвакуацияланды, бір құтқарылған жүкті әйел толық тексеру үшін ауруханаға жіберілді.
Өрт сағат 10:54-те жойылды. Шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 19 адамы және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу