Қостанайда көпқабатты үйден өрт шықты

2125

Лисаковск қаласындағы өрт салдарынан ер адам қаза тапты

Қостанайда көпқабатты үйден өрт шықты

Қостанай облысының Лисаковск қаласында бес қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан ер адам қаза тауып, қарт әйел уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілінің айтуынша, тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама дүйсенбі күні сағат 20:20-да келіп түсті.

4-қабаттағы пәтерде басталған өрт балкон арқылы 5 қабаттағы пәтерді де шарпып өткен, жалпы ауданы 60 шаршы метрге жайылған.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автосаты арқылы 5 адамды құтқарды, 20 адам -оның ішінде 4 бала эвакуацияланды", – деп атап өтті ол.

Өрт сағат 22:15 шамасында толық сөндірілді.

Оқиға орнынан 1968 жылы туылған ер адамның денесі табылды. 3 қабаттағы пәтерде иіс тиген 1923 жылы туылған қарт әйел ауруханаға жатқызылды.

Өрт темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдаланудан тұтанған.

Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және 3 өрт сөндіру техникасы тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу