Қостанайда көпқабатты үйдің лифтінде ер адам итті аяусыз ұрған

686

Оқыс оқиға 4 қыркүйек күні болды.

Қостанайда көпқабатты үйдің лифтінде ер адам итті аяусыз ұрған Фото: kazlenta.kz

Қостанайда көпқабатты үйдің лифтінде ер адам итті аяусыз ұрған, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиғаның бейнежазбасы “Теңіз” тұрғын үй кешені тұрғындарының жалпы чатына келген.

"Оқиға 4 қыркүйек күні түн ортасында болған. Кадрларда "аккумулятор сарапшысы" деген жазуы бар кеудеше киген ер адамның итті жұдырықпен ұрып,  тепкілегені көрінеді", - делінген хабарламада.

Полиция аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Ер адамның жеке басын анықтау мақсатында шаралар қабылданып жатыр. Тексеру барысында оны жауапқа тарту мәселесі шешілетін болады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу