Қостанайда кран құлап, бір адам қаза тапты

248

Полиция тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қостанайда кран құлап, бір адам қаза тапты Фото: kstnews

Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

30 қарашада сағат 12:50-де Шаяхметов көшесі бойындағы құрылыс нысанында кран құлады. Кабинада 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі ("Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу