Қостанайда құрылыс алаңында жұмысшының үстіне блоктар құлап кетті

200

Зардап шеккен адам көп жарақат алған.  

Қостанайда құрылыс алаңында жұмысшының үстіне блоктар құлап кетті Фото: Наша газета

Оқыс оқиға жаңадан салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінің аумағында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Наша Газета" сайтының мәліметінше, Қорған және Қайырбеков көшелерінің қиылысындағы салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінде жұмысшыға төбеден блоктар құлап кетті. Құрылыс алаңында түсірілген видеода бір топ адамның құрылыс алаңында блоктарды асығыс алып тастап ер адамды құтқаруға әрекет етіп жатқанын көруге болады.

Ер адам дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен адам көп жарақат алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу