Қостанайда құрылыс алаңының монтаждаушысы бесінші қабаттан құлап кетті

780

Қостанайда құрылыс алаңының монтаждаушысы бесінші қабаттан құлап кетті

Қостанайда "Әуежай" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй құрылысы кезінде 33 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Максим Моргунов растады.

"Әуежай" шағын ауданындағы №2 құрылыс алаңының монтаждаушысы бесінші қабаттан құлап кетті. Ол жедел жәрдем қызметі келгенше қаза болды", - деп Моргунов. Бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу