Қостанайда құтқарушылар өрт болған жерден 400 газ баллонын алып шықты

337

Зардап шеккендер жоқ.

Қостанайда құтқарушылар өрт болған жерден 400 газ баллонын алып шықты Фото: ТЖМ

Қостанайда құтқарушылар 400 газ баллонын эвакуациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанай қаласында "Текстильщик-1" бау-бақша қоғамы ауданында, облыстық маңызы бар "Қостанай – Введенка" автожолында жүк көлігінің тіркемесінен 7 шаршы метр аумақта өрт шықты.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. ТЖМ күштерімен өрт болған аумақтан көлемі 27 литр болатын 400 бос газ баллоны қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу